Ә. Ниязымбетов бокстан Қазақстан чемпионы атанды

0
101
ашық дереккөзден

Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлде иегері Әділбек Ниязымбетов 81 келі салмақта финалда қолғап түйістірмей-ақ Қазақстан чемпионы атанды.

Финалда Ниязымбетовтың қарсыласы Бекзат Нұрдаулетов шаршы алаңға жарақатына қатысты шыға алмады, атап өтерлігі қос спортшы да Маңғыстау облысының намысын қорғайды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қорытындыда, Ә. Ниязымбетов республика чемпионы атанды, Нұрдәулетовке күміс медаль бұйырды.

Атап өтерлігі, Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионатының соңғы жекпе-жегі өтіп жатыр.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз