Жаңа жылдан бастап Қазақстанда көгілдір отын қымбаттайды

0
88
ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі көгілдір отынның көтерме бағасын шамамен 10% -ға ұлғайту туралы бұйрықты дайындауда. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін ең жоғарғы баға тоннасына 38 701,67 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылды.

Ашық талқылау қарсаңында Энергетика министрінің «Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің ең жоғарғы бағасын бекіту туралы» бұйрығының жобасы жасалды, деп хабарлайды Kolesa.kz.

Құжатқа сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін қосылған құн салығын есепке алмай, ең жоғарғы баға тоннасына 38 701,67 теңге мөлшерінде белгіленеді.  Бүгінгі күні көгілдір отын елімізде ҚҚС-ны (Қосылған құн салығы) есепке алмағанда тоннасына 34 319 теңгеге сатылуда. Аталған көтерме баға шамамен жарты жыл сақталып келеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз