ДАИШ Лас-Вегастағы қанды қырғынға байланысты мәлімдеме жасады

0
79

ДАИШ  лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) 1 қазан ЛасВегаста орын алған сойқынға байланысты кеңейтілген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Lenta.ru топтың бақылауындағы “Амак” ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«”Халифат сарбазы” Стивен Пэддок яғни Әбу Абд әл-Барр (жауынгерлік бүркеншік аты) Әбу Бәкір әл-Бағдадидің («Ислам мемлекеті» көшбасшысы) “кресшілер” коалициясының азаматтарына шабуыл жасау туралы бастамасына осылай әрекет етті. Шабуыл кезінде, содырлардың айтуы бойынша, шамамен 600 адам қаза болып, жараланған», – деп мәлімделеді хабарда.

Сондай-ақ, «Амак» Пэддок Ислам дінін шабуылдан бірнеше ай бұрын қабылдағанын атады.

Бұған дейін ақпарат агенттігі Лас-Вегастағы шабуылды «Ислам мемлекеті сарбазы» ұйымдастыруы мүмкін деп болжаған болатын.  «Теракт «Ислам мемлекетіне» қарсы күрес жүргізіп жатқан елдерге шабуыл жасауға шақыру болды», – деп жазады басылым.

Атап өтсек, жексенбі күні кешке Лас-Вегаста 64 жастағы Стивен Пэддок Mandalay Bay қонақ үйінің 32-ші қабатында тұрып, музыкалық фестиваль қатысушыларына автоматты қарудан оқ жаудырып, кейіннен өзіне қол жұмсаған. Оның әрекетінен 58 адам қаза болып, 500-ден астамы жарақат алған. Ол тұрған қонақ үй бөлмесінен оннан аса қару-жарақ данасы табылған.

Батыс басылымдарының мәліметінше, АҚШ-тағы ең сойқан қанды қырғынды жасаған Стивен Пэддок баққуатты адам болған. Ал әкесі Бенджамин Патрик Пэддок банк тонаушы қарақшы болып, 20 жыл түрмеде отырғаннан кейін қашып шыққан. Басылымдардың мәліметінше, Пэддоктың әкесі суицидке бейім психологиялық ауытқулары болған деп сипаттайды.

Лас-Вегастағы қанды қырғыннан кейін АҚШ Президенті Дональд Трамптың жарлығымен елде бес күндік аза тұту күні жарияланды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз