Елбасы Италия президентіне көңіл айтты

0
95
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске саламыз, 15 тамыз Италияның солтүстігінде орналасқан Генуя қаласында жолаушылар көпірі қирап, салдарынан 38 адам көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Олардың бесеуі ауыр халде. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар. 10 адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында. 
Құқық қорғау орындарының хабарлауынша қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз