Франциядағы ереуіл: Макронның бағалауы

0
85

Франциядағы жанар жағармай бағасының өсуіне қарсы наразылық шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Жанар жағармай бағасының өсуі мен Франция президенті Эммануель Макронның жүргізіп отырған саясатына қарсы 100 мыңға жуық Франция халқы ереуілге шықты. Наразылық танытушылар көшелерді толықтай жауып, жолдағы көліктер мен дүкендерді, аялдамаларды өртеп жіберген. Ереуіл салдарынан 19 адам жарақат алып, 130 тұрғын қамауға алынды.

Оқиғаны ел президенті Эммануель Макрон қатаң сынға алып «Полиция қызметкерлеріне және мемлекеттің басқа да азаматтары мен журналистер қауымына шабуыл жасағандар және олардың әрекеттері ұяларлық жағдай. Мұндай қатігездіктерге біздің республикада орын жоқ», деп атады.

Ереуілге Парижде 8 мыңға жуық адам қатысқан. Бетперде киген 100 мыңнан астам белсенділер елде жанар жағармай бағасының өсуіне қарсы шыққан. Бүгінге дейінге наразылық шеруіне 300 мыңнан астам ереуілші жиналып 2 адам қаза тапқан болатын.

Франциялық БАҚ-тың мәліметінше ереуілшілер 1 желтоқсан қайта жиналмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз