Италияда жолаушылар көпірі опырылып 38 адам көз жұмды

0
80

Италияның солтүстігінде орналасқан Генуя қаласында жолаушылар көпірі қирап, салдарынан 38 адам көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Олардың бесеуі ауыр халде. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар.

53 жылдық тарихы бар биіктігі 90 метрлік автокөлік жүргіншілері көпірінің 200 метрі опырылып құлаған уақытта апат орнында 200-ден астам автокөлік пен жүк көліктері болғандығы анықталды.

Би би си орыс тілді ақпараттық агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, автокөлік көпірі үйлердің үстіне құлаған. 10 адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында және қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін.

Апат болған жерде көлік қозғалысы тоқтатылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Көпірдің құлауына жөндеу жұмыстарының тиісті дәрежеде жүзеге аспауы және қызмет көрсету сапасының төмендігі себеп болған. Бұл туралы Италияның көлік және инфрақұрылым министрі мәлімдеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз