Дубайдан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі тәжірибесіне қызығушылық

0
108

20 қазанда Қазақстандық делегация Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне арналған халықаралық кездесуге қатысты.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласында өтетін Дүниежүзілік ЭКСПО-2020 2020 жылдың 20 қаранынан бастап 2021 жылдың сәуір айына дейін жалғасатын болады.

19-20 қазан аралығында Дубайдағы ЭКСПО ұйымдастырушылары іс-шараға дайындықты талқылау үшін 180 елдің делегаттары жиналған кездесуде Қазақстан делегациясын «Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов басқарды.

Екіжақты кездесулер барысында Ахметжан Есімов «Қазақстан үшін ЭКСПО-2020-ға қатысу еліміздің жетістіктерін ұысну үшін тамаша мүмкіндік қана емес, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың маңызды қадамы. «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты қалыптастыру» тақырыбында Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбымен ұштасады. Астанада ұсынылған инновациялық әзірлемелер мен идеялар ЭКСПО-2020-да өз дамуын табады деп үміттенеміз », – деді.

«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» мен «Дубай ЭКСПО-2020»  Бюросы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында «Дубай ЭКСПО-2020» бюросының өкілдері бірнеше рет Астанаға келген болатын.  Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік министрі, «Дубай ЭКСПО-2020» бюросының бас директоры Рим  Ибрахим әл-Хашеми астана ЭКСПА-2017 көрмесіне бөліскен тың тәжірибиесі үшін алғыс білдірді. ЭКСПО-2020 халықаралық  көрмесінің  басты тақырыбы – «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты қалыптастыру». Таяу Шығыста, Африкада және Оңтүстік Азияда тұңғыш рет өткізілгелі отырған Дүниежүзілік көрмеде бейбітшілік пен прогресстің өзара байланысы туралы талқыланады. Дубайдағы ЭКСПО-2020-ның негізгі идеяларын үш тақырыптық павильондарда – «Мүмкіндіктер», «Ұтқырлық» және «Тұрақты даму» арқылы көрсету жоспарға алынған.

Жадыра Аманбайқызы

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз