Мьянма Рохинджаларды елге қайтара бастады

0
101

Қудалаудан бас сауғалап Бангладешке қашқан рохинджалық босқындарды Мьянма билігі елге қайтара бастады. Ел үкіметі босқындардың алғашқы отбасын елге келгендігін мәлімдеді. Бұл туралы svoboda.org хабарлайды.

Мьянма босқындарды елге қайтаруды жылдың басынан бастауды жоспарлаған болатын. Дегенмен, рохинджалық мұсылмандардың Мьянмаға оралуы олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді сарапшылар. Босқындарды қайта қабылдап жатқан мьянмалық биліктің бұл әрекетін адам құқығын қорғаушылар өткір сынға алды.

Аяусыз репрессиядан бас сауғалап Бангладешке қашқан босқындардың саны 700 мыңға жеткенін AFP растады.

Жеке мемлекеті жоқ рохинджа халқы өткен жылдың тамыз айында Мьянмада аяусыз зоролық-зомбылыққа тап болып, еріксіз бас сауғалауға мәжбүр болған болатын. БҰҰ рохинджалықтарды қанауға ұшыратқан Мьянма билігін зұлымдығы жағынан этникалық тазалауға пара-пар деп сынға алды. Әйтсе де, Мьянма билігі барлық айыптауларды жоққа шығарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз