Нью-Йоркте Қазақстан азаматы қаза тапты

0
37

Нью-Йоркте 28 жастағы Қазақстандық бойжеткен қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі «Қайғылы оқиға болды. Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттар мерт болған бойжеткеннің туыстарымен тығыз байланыс орнатып, оның мәйітін Қазақстанға жеткізу бойынша көмек көрсетуде», – деді баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, бойжеткен жазатайым оқиға салдарынан мерт болған.

Басқа да деректерге қарағанда, бойжеткен Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз