Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери жаттығуларды бастады

0
260

Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Корея дүйсенбіден бастап жыл сайын өткізілетін «Key Resolve» атты әскери жаттығуларды бастады. Бұл туралы Оңтүстік Кореялық Ренхап агенттігі хабарлайды.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі 27 сәуірде Солтүстік Кореямен өткізілетін саммитке қарамастан АҚШ-пен бірлесіп жүргізілетін әскери жаттығулар турасында ресми түрде баяндады.

АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы әскери жаттығулар әдетте Солтүстік Кореяға қарсы соғысқа дайындық ретінде жүргізілетін. Дегенмен, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл жылғы АҚШ пен Оңтүстіктің бірлескен әрекетіне қарсылық танытпады. Вашингтонмен келіссөздер алдында әдеттегі әскери жаттығуды айыптайтын принциптерінен бас тартты.

Еске сала кетеміз, 27 сәуір КХДР және Оңтүстік Корея басшылары Ким Чен Ын және Мун Чжэ Инның қатысуымен қос кәріс мемлекеттері арасында Пханмунджом демилитаризацияланған келіссөздер пунктінде бірлескен саммит өтеді. Сонымен қоса Солтүстік Корея басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен мамыр немесе маусым айында кездеспек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз