Ресей мен Түркия Сириядағы жағдайды реттеу мақсатында ынтымақтастық орнатады

0
49

Сочиде өткен кездесу нәтижесінде Сириядағы қақтығыстарды реттеу мақсатында Түркия мен Ресейдің ынтымақтастық құратынын Түркия президенті Р.Т. Ердоған жариялады, деп хабарлайды Сa-news.

Ресей президенті Ердоғанмен кездеспес бұрын Бочаров Ручей резиденциясында, бұл жоспар Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты да толықтай қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін айтқан болатын.

В. Путин «2016 жылы Ресей мен Түркия арасындағы тауар айналымы 30 пайызға азайған болса, ағымдағы жылы өзара сауда көлемі тек алғашқы 9 айда 38 пайызға артты. Ресей Федерациясы мен Түркия Сирияның қауіпсіздігін қоса алғанда, барлық салаларда тығыз байланыс орнатып келеді», деп мәлімдеді.

Бұған дейін Түркия президенті Ресей мен АҚШ-тың Сириядағы әскери контингенттерін Ресей және АҚШ президенттерінің бірлескен мәлімдемесінен кейін Сириядағы қақтығыстың әскери шешімі жоқ екенін айтқан болатын.

Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас түрік әуе күштері 2015 жылдың қарашасында Сирия шекарасына жақын маңдағы ресейлік әскери ұшақты атып тастағаннан кейін қатты нашарлаған болатын. Дегенмен, екі мемлекет басшылары арадағы қарым-қатынасты қайта жандандыру үшін бастамашыл қадамдар жасады.

Сирия мәселесінде Иранмен бірігіп Қазақстан астанасы Астанада бірқатар келіссөздер жүргізді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз