Өмірбек Бабанов фракция басшысы лауазымынан кетті

0
98
ашық дереккөзден

Өмірбек Бабанов «Республика – Ата-Жұрт» фракциясы басшысы лауазымынан кетті. Бұл туралы қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды.

Фракция хатшылығының хабарлауынша, 13 қарашада «Республика-Ата-Жұрт» фракциясының кезектен тыс отырысында Өмірбек Бабанов фракция басшысы лауазымынан кету туралы шешімін жариялады. Бұл туралы фракция басшысы орынбасары Талант Мамытов мәлімдеді.

Фракцияның жаңа басшысын сайлау фракцияның кезекті отырыстарына жоспарланған.

Акипресстің мәліметінше, “Республика – Ата-Жұрт” фракциясы басшысы лауазымына екі үміткер үмітті.

“Әлі анықталмады, жақын күндері жауабын береміз. Әзірше мен екі үміткерді Құрманқұл Зұлұшев пен Талант Мамытовты білемін. Бұл мәселе фракцияның жақын отырыстарының бірінде талқыланады”, – деп мәлімдеді депутат Үмбетәлі Қыдырәлиев.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз