«Саяси тұтқындарға еркіндік!» мыңдаған барселоналықтар наразылық шеруінде

0
289
REFILE - ADDING RESTRICTIONS Pro-independence demonstrators gather to mark one year of the Spanish police raid and protest which lead to the imprisonment of the leaders of Catalonia's main pro-independence movements in Barcelona, Spain, September 20, 2018. REUTERS/Stringer NO RESALES. NO ARCHIVES

“Саяси тұтқындарға еркіндік”, “Біз кері шегінбейміз”. Барселонаның орталығында өткен наразылық шеруінде қаланың бірнеше мыңдаған тұрғыны Каталонияның егемендігіне қатысты заңсыз референдум өткізгені үшін тұтқынға алынған саясаткерлерді босатуды талап етті.

Жергілікті полицияның мәліметінше, наразылық шарасына 15 мыңнан астам адам қатысқан. Наразылық акциясы Каталониядағы оқиғаның жылдығына орай ұйымдастырылды.

Еске салсақ, осыдан бір жыл бұрын Азаматтық Гвардия референдумды өткізуге байланысты тұтқындау операциясын іске асырған еді. Атап айтқанда, автономдық қоғамның экономика жөніндегі кеңесінде тінту жүргізілген. «Каталон ұлттық ассамблеясы» мен Оmnium Cultural ұйымдарының басшылары Жорди Санчес пен Жорди Куишара бүлік шығарды деген айыппен тұтқындалған.

Сонымен бірге, каталондық құқық қорғау органдарының басшылары да тергеуге алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз