Сауд Арабиясы Сирияға өз әскерін жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы сәрсенбіде елдің сыртқы істер министрі Әдел әл-Джубейр Эр-Риядта БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен бірлескен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Сириядағы Америка жасағының орнын алмастыра алатын одақтастардың (Сауд Арабиясының әскері – ред) әскери контингентін құрғысы келетіндігін хабарлаған еді.
Басылым таратқан ақпарға сәйкес, Вашингтон Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктеріне Сирияға қаржылық қолдау көрсетуді сұрады.