Сенаторлар Ыстанбұлдағы Азия парламенттік ассамблеясының отырысына қатысуда

0
70

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қаупсіздік комитетінің хатшысы Дархан Кәлетаев және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерілік комитетінің мүшесі Манап Көбенов Ыстанбұлдағы Азия парламенттік ассамблеясының «Азиядағы бейбітшілік пен даму» тақырыбымен өтіп жатқан 10-шы отырысына қатысуда, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.

Депутаттар Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінің қайта тағайындалған төрағасы, сайлауға Әділет және даму билеуші партиясынан түскен Исмаил Кахраманмен кездесті.

Сенатор Д.Кәлетаев Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы жоғары лауазымына И. Кахраманның тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз