Шаруаларды өз бетінше жазалаған шенеунік қызметінен қуылды

0
108

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Зойир Мирзаев Ташкент облысының Ақққорған ауданында болған дау-жанжалдан кейін қызметінен қуылды.

Экс шенеуніктің шаруаларды арықтағы суға тұрғызып қойып өз бетінше жазалау әрекеті оқиға суреттері әлеуметтік желілерге тарғаннан кейін Республика президентінің нұсқауымен қолға алынған.

Шенеунік аталған ауданның шаруы қожалығында фермерлер мен жауапты тұлғалар алқапты уақытында суғармағаны үшін суы толы арыққа шаруаларды тіз қатар тұрғызып қойған.

27 қазанда әлеуметтік желілерде арықтағы суды кешіп тұрған ер адамдардың үлкен тасты жоғары көтеріп тұрған суреттері қатар жарияланған болатын. Осылайша өз қызметін уақытында атқармаған сотқалдай алты азаматты шенеунік өз бетінше жазалаған көрінеді.

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерден кейін 29 қазанда ел президенті Шавкат Мирзияев еңбектің мәжбүрлі түрлеріне жол бермеу мақсатында вице-премьерді қызметінен босатуға тапсырма берді.

Қазіргі уақытта өз бетімен тәртіп орнатпақ болған экс шенеуніктің үстінен тергеу ісі жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз