Солтүстік Корея тағы да Жапонияға қарсы зымыран бағыттады

0
24
bigmir.net

Оңтүстік Корея және Жапония Үкіметі Солтүстік Корея Жапонияның солтүстігіне қарай зымыран бағыттағанын хабарлады.

Оңтүстік Кореялық әскерилердің және байқалған мәліметтер бойынша, зымыран 770 шақырым биіктікке жетіп, 3700 шақырым ұшып өткен деп хабарлайды Би-Би-Си.

Зымыран Тынық мұхитына қонбай тұрып, Жапониядағы Хоккайдо аралының үстімен ұшып өткен.

Өткен айда Солтүстік Корея бағыттаған зымыран Жапонияның үстімен ұшқан, Токио мұны елде бұрын-соңды болмаған қауіпті қатер деп бағалады.

Оңтүстік Кореялық әскерилер соңғы зымыран Пхеньянда жұма күні сағат 07: 00-ге дейінгі уақыт аралығында (бейсенбіде 22:00 GMT) өткенін хабарлады. Аталған зымыран 29 тамызда ұшқан ракетадан қарағанда әлдеқайда жоғары ұшып, шамамен 550 шақырым максималды биіктікке жеткен.

Зымыранды ұшыру қару-жарақтарды сынақтан өткізгені себепті Құрама Штаттардың Солтүстік Кореяға қатысты санкция енгізгеннен кейін бірнеше күн өткен соң жасалған.

Тамыздың соңғы демалыс күндерінде Солтүстік Корея өз шығыс жағалауында үш зымыранды сынақтан өткізген.

Жапония Министрлер Кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга Солтүстік Корея бағыттаған зымыранның бұрын-соңды болмаған елеулі қауіп екенін алға тартып, Пхеньянның әрекеттеріне жауап ретінде Жапония барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.

Жапония және оның одақтастарының өтініші бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аталған жайтқа байланысты шұғыл жиын өткізіп, тоқыма өнімдерін экспорттауға және Пхеньянның мұнай өнімдерін сатып алуға тиым салып, шикі мұнай импортына шектеу қоюды мақұлдады. Қытай мен Ресей бұл шешімді қуаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз