Сомалиде полиция академиясына лаңкестік шабуыл жасалды

0
94

Сомали Демократиялық Республикасының астанасы Могадишо қаласының полиция академиясына террористік шабуыл жасалып, салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды report.az.

Полиция өкілі Мохаммад Хусейннің айтуынша, жарылысты академия полицияларының шеруі кезінде жалпы Кахье академиясының территориясына басып кірген лаңкес ұйымдастырған. Қаза болған 13 адамнан өзге 15 қызметкер түрлі дене жарақаттарын алған.

Шабуылды «Әл-Шабаб» террористік ұйымы өз мойнына алды.

Сомалиде «Аль-Каида» террористік ұймымен тығыз байланыстағы «Әл-Шабаб» (Жас жихадшылар ұжымы) радикалды лаңкестік топ өкілдері бар. Олар Біріккен ұлттар ұйымының гуманитарлық қызметіне кедергі келтіріп, Сомалидің орталық үкіметіне қарулы күрес жүргізеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз