Сооронбай Жээнбеков президенттік қызметіне кірісті

0
120

Қазан айында өткен бүкілхалықтық сайлауда өзге кандидаттардан жоғары дауыс жинап сайланған Қырғызстан Республикасының бесінші президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде ант қабылдап Мемлекет басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды РИА Новости.

Салтанатты рәсім Қырғызстан астанасы Бішкектің маңында орналасқан «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясын қабылдау залында өтті. Аталған шараға 450-ден астам қонақтар қатысты.

Қырғызстан парламент депутаттарының, сондай-ақ шет мемлекет елшілерінің қатысуымен өткен ресми ант қабылдау рәсімінде Жээнбеков өз елінің Конституциясына қол қойып,

«мемлекет басшысының өкілеттігін әділ түрде жүзеге асыруға, адам мен азаматтың құқықтарын қорғауға, конституцияны қатаң сақтауға, халықтың бірлігін қорғауға, мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға»

– уәде берді.

Қырғызстан президенттік сайлауы 15-қазанда өткен болатын. Мемлекет басшылығына үміткен 11 кандидат өтініш білдірді. Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде,  54%-дан аса дауыс жинаған Қырғызстан социал-демократиялық партиясының бұрынғы премьер-министрі Сооронбай Жээнбековты жеңімпаз деп жариялады. Елдің сайлауға қатысуы шамамен 56%-ды құраған.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз