Саудияның мұрагер ханзадасы жемқорлықпен күрестің барысы туралы мәлімдеді

0
60
дереккөзден

Сауд Арабиясының мемлекеттік элитасының сыбайлас жемқорлыққа күдікпен ұсталған барлық дерлік өкілдері сотқа дейінгі сот шешімдерін қолдады, деп мәлімдеді Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман New York Times газетіне берген сұхбатында.

Қарашаның басында Сауд Арабиясы Корольдігінің жемқорлыққа қарсы жоғарғы комитеті Мұхаммед бен Салманның басшылығымен  40-қа жуық ықпалды тұлғаларды, соның ішінде корольдік отбасы мүшелерін, бұрынғы министрлерді, әскерилерді және кәсіпкерлерді тұтқындауды бұйырды.

Сауд Арабиясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан шеңберінде алғашқы тергеу деректері көрсеткендей, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан 100 миллиардтан астам қаржы иемделгені көрсетілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мұрагер ханзаданың айтуынша, тұтқындалғандардың барлығына тергеу материалдары көрсетіліп, істі сотқа жеткізу немесе мәміле жасауға (мәмілеге тұтқындалғандардың 95 пайызы келіскен) ұсыныс тасталған.

«Олардың 1 пайызы кінәсіз екендерін дәлелдей алды және оларға қарсы қылмыстық іс тоқтатылды. Шамамен 4 пайызы кінәсіздіктерін айтып, өз адвокаттарымен сотқа баратындарын айтты», – деп мәлімдеді бен Салман.

Прокурордың айтуынша, қазына табысы өтемақыдан 100 миллиард долларды яғни шығынның көлеміне тең болуы мүмкіндігін мәлімдеді деді ханзада.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз