Сыртқы істер министрлігінде Үкіметтік емес секторлармен мәжіліс болып өтті

0
54

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Консультативтік-кеңестік органның (ККО) «Адами өлшем бойынша диалогтық алаңша» кезекті пленарлық мәжілісі өтті.

Еліміздің азаматтық секторлары мен мемлекеттік органдарының өкілдері ашық, әрі пәндік келіссөздер жүргізуге және бұған қоса өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктерін тағы да растады.

Осы мәжіліс барысында Қазақстан тарапының БҰҰ аясындағы мемлекеттік міндеттемелерінің халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелері талқыланды.

ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері мен отандық үкіметтік емес ұйымдар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің адам құқығы туралы екінші Әмбебап мерзімдік шолу баяндамасы аясындағы ұсыныстарының жүзеге асырылуы мен ҚР кезекті мерзімдік баяндамасын дайындау барысындағы орындалған Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық шартының орындалуы туралы да өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар заң жобаларын дайындау барысындағы үкіметтік емес сектордың Қазақстан Парламентімен өзара іс-қимылдарын қарастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз