Түркі академиясы Халықаралық сыйлыққа ие болды

0
97

Халықаралық Түркі Академиясының (TWESCO) «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты археологиялық жобасы Мимар Синанның «Дизайн және идеялық жобалар» аталымы бойынша халықаралық жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды.

Кайсери қаласында Түрік әлемі инженерлері мен сәулетшілері одағының төрт жыл сайын өткізілетін халықаралық жобалар байқауында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды twesco.org.

Түркияның Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігінің қолдауымен өткізілген салтанатты шараға 36 елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркі әлемінің игілігі үшін жұмыс істейтін ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сәулет және құрылыс саласындағы үздік мамандар қатысты.

Түркі академиясының жүлдесі оның тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаевқа ұсынылды.А. Кесікбаев шараға қатысушыларға TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің құттықтау сәлемін жолдап, Түркі академиясының жұмысы мен іргелі жобалары туралы айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Байқау қорытындысы бойынша «Astana Expo-2017» көрмесі «Қала құрылысы» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Атап өтсек байқау «Ірі континентальдық жобалар», «Инженерлік және сәулет жобалары», «Қала құрылысы», «Дизайн және идеялық жобалар» аталымдары бойынша өткізілді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз