Тәжікстан Иранды діни-саяси ойындарды тоқтатуға шақырды

0
99
ашық дереккөзден алынды

Тәжікстан Президенті жанындағы Исламтану орталығы Иранды елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты деп қайта айыптады. Бұл туралы Тәжікстан бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды. 

Ведомстваның ресми сайтында 21 қазан күні «Шиизм: идеология және тәжірибе» тақырыбында Тегеран Душанбемен қарым-қатынаста саяси және діни ойындардан бас тартуға шақыратын материал жарияланды.

Жарияланған материалда екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарда туындаған қиындықтарға Иранның тәжік қоғамын Исламға енгізу және шиит идеяларын таратуға тырысқаны көтеріледі.

Материал авторы Исламтану орталығының қызметкері Камар Нұрұлхақов «Иран мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестікті қалпына келтіру мен дамытуында саяси және діни ойындардың қажеті жоқ», – деп жазады. Аталған мақалада Иран Тәжікстандағы бес жылдық азаматтық соғыс кезінде белгілі бір тарапты қаржыландырды деп айыпталады. Автор Душанбенің БҰҰ-ға 150 мыңнан астам адам қаза тапқан азаматтық соғыс кезінде Иран тарапынан келтірілген экономикалық және моральдық зиянды өтеу туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар екенін баяндайды. Камар Нұрұлхақов Иранның Тәжікстанмен достық қарым-қатынас құруында о бастан мақсатты түрде тәжік қоғамына шиит мәзхабын насихаттау  болды деп есептейді. Автордың айтуынша, Иран шиит идеясын елде тыйым салынған Ислам жаңғыру партиясы арқылы таратуға тырысқан.

Тәжікстандағы Иран елшілігі аталған мақалаға байланысты әзірше жауап бермеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз