Тілсіз қияпат

0
407
Мыңдаған үй топан судың кесірінен жарықсыз қалды

Жапонияның орталық және оңтүстік-батыс аймақтарында бірнеше күн қатарынан жауған жаңбырдың салдарынан көптеген елді мекендер су тасқынынан зардап шегуде. Елде табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті. Тағы ондаған адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.

5 шілдеден бастап Жапонияның орталық және оңтүстік-батыс аймақтарында қатты жауын жауып тұр. Тосыннан келген табиғат апатынан Жапонияның Хиросима қаласының айналасында орналасқан елді мекендер ең қатты зардап шекті. Ондағы көптеген аймақтар жауыннан кейінгі көшкінге ұшыраған. Хиросима қаласының өзінде 39 адам көз жұмды.

Метеорологиялық болжамдар бойынша, жаңбыр әлі де жалғасуы ықтимал. Тек дүйсенбіде ғана нөсер біраз саябырсығанымен, билік өкілдері су тасқынының тағы да қайталануы мүмкін екенін ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз