Владимир Путин Сочиде Сирия президенті Башар Асадпен кездесті

0
62

РФ президенті Владимир Путин Сочиде Сирия президенті Башар Асадпен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.

Владимир Путин Сирия басшысын лаңкестікке қарсы күрестің оң нәтиже беріп жатқандығымен құттықтады.

Сирия президентінің айтуынша, екі жыл ішінде әскери қауіпсіздік күштері мен үкімет әскерінің бірлескен іс-қимылының арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Сонымен қоса Ресей Федерациясының арқасында Сирия мемлекет ретінде қайта құтқарылғанын алға тартты.  Оның пікірінше ресейлік авиацияның жұмысы саяси қақтығыстарды реттеуді алға жылжытуға мүмкіндік берді.

Б.Асад еліміздің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға қол жеткізгенін айта отырып, «Бұл кезеңде тікелей ұрыс алаңында да, саяси тұрғыда да үлкен табыстарға қол жеткізді. Кезінде тастап кетуге мәжбүр болған Сирияның террористерден босатылған көптеген аймақтарына сириялықтар қайта оралуы мүмкін еді», деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Ресей президенті Сириядағы лаңкестікпен күрестің оң нәтижесін көретініне сенім білдірді.

Ресей басшысы қол жеткізген табыстарға қарамастан қиындықтар әлі де пайда болатынын ескере отырып, «Әлемде, Таяу Шығыста және Сириядағы терроризмге байланысты проблемалар әлі де бар. Бірақ бастыбасты міндет аяқталуға жақын және біз оны жақын арада шештік деп айта аламыз», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, В.Путин алдағы уақытқа жоспарланатын басты мәселе, саяси шешімге көшу болып табылатынын және Асадтың бейбітшілік пен келісімді қалайтын елдердің  барлығымен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Сирия басшысы Дамаск мемлекеттің сыртқы саяси бүлікшілерінің ішкі саяси процестеріне араласпауын қадағалауда Мәскеудің қолдауына сенім артатынын мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз