Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

0
221

Бүгін Жапонияның батысында орналасқан Осака қаласында қуаттылығы 5.3 балдан басталып 6.1-ге дейін өскен жер сілкінісі болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпуі салдарынан қала аралық пойыздар мен метролар тоқтатылған.

Қазіргі уақытта табиғат апатынан жапа шеккен адамдардың саны сағат сайын өзгеруде. Соңғы мәліметке сәйкес апаттан 60-тан астам адам жарақат алып, 3 адам көз жұмды. Зардап шеккендер саны әлі де өсуі мүмкін.

Ресми мәліметтерге сәйкес, санаулы минуттардың ішінде дүмпу бірнеше рет қайталанған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз