Жер қойнауы бойынша барлық сұрақтар бір құжатқа жинақталды – Н. Нығматулин

0
109

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

Осыған орай, өз пікірін ортаға салған Мәжіліс Төрағасы: -Бұл Кодекстің ең негізгі ерекшелігі – ол осы жер қойнауы саласындағы барлық сұрақтар бір құжаттың ішінде жинақталған. Соның нәтижесінде, жер қойнауын пайдаланушылар үшін де, инвесторлар үшін де тиімді жағдай жасалатын болады,-деді.

Айта кететін болсақ, Кодекс жобасы жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің жаңа тәсілін көздейді. Онда жер пайдалану құқығын «бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша берудің австралиялық моделін енгізу, пайдалы қазбалар қорларын есептеудің халықаралық жүйесіне көшу, геологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын әзірлеу, уранды, көмір қабаттарының метанын игеруді реттеу, пайдалы қазбаларды старателдік өндіруді енгізу сияқты жаңалықтар қамтылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз