С. Жээнбеков алғашқы халықаралық сапарын Ресейге жасайды

0
50
АКИpress

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков алғашқы халықаралық жұмыс сапарын Ресей Федерациясына жасайды. Бұл туралы 28  қарашада Президент Аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Айзада Субакожоева мәлімдеді деп хабарлайды Акиpress.

А. Субакожоеваның айтуынша, қырғыз басшысының Ресейге сапары 29 қарашаға жоспарланған.

«Бұл Сооронбай Жээнбековтың мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапары. Сапарға Ресей тарабы ниет білдірген. Бұл Ресеймен одақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саясат тек күшейтіледі деуге әбден негіз бар», – деп мәлімдеді ол.

А. Субакожоеваның айтуынша, сапар барсында Ресей Федерациясының президенті Влдаимир Путинмен кездесу жоспарланған.

«Екі көшбасшы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады», – деді ол.

Бұдан басқа, Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен сауда-экономикалық және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар 30 қарашада С. Жээнбеков Минсктегі (Беларусь) ОДКБ-ның мерейтойлық сессиясына қатысады.

БАҚ өкілдерін ОДКБ алаңында қырғыз басшысының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу мүмкіндігі туралы сұрақ қызықтырды. Бұған өз кезегінде А. Субакожоева «Кестенің тығыздығына байланысты ОДКБ алаңында екіжақты кездесу жоспарланбаған», – деп мәлімдеді.

 

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз