АҚШ-тың мемлекеттік қарызы қанша?

0
224

Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қарызы рекордтық көрсеткішке жетті.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, елдің мемлекеттік қарызының көлемі тарихта алғаш рет 22 триллион доллардан асып кетті.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен бері мемлекеттік қарыз екі триллион долларға артыпты.

2017 жылы желтоқсанда Трамптың бастамасы бойынша салық реформасы жүргізілгеннен кейін мемлекеттік қарыз көлемі тез ұлғая бастаған. Соның салдарынан федералдық бюджет бір жарым триллион доллардан қағылған. Қарыздың көбеюіне әскери мақсатқа және ішкі қажеттіліктерге жұмсалатын шығынды көбейту туралы заңдар да әсер еткен.

Конгрестің бюджет басқармасы 2019 жылы бюджет тапшылығы 897 миллиард долларды құрайды деген болжам жасаған. Бұл өткен жылғыдан 15 пайызға көп. Болжам бойынша, бюджет тапшылығының көлемі жыл сайын ұлғайып, 2022 жылға қарай бір триллион долларға жетпек. Бюджет тапшылығының ұлғаюына әлеуметтік жәрдемақылар мен 65 жастан асқан азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне (“Медикэр”) жұмсалатын шығынның өсуі әсер етіп отыр.

Ақ үй жаңа салық реформасы экономика серпін беріп, өзін ақтайды деп сендіреді. Бірақ экономистердің көбі бұл пікірмен келіспейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз