Айтыскер Аманжол Әлтаев мәжіліс депутаты ретінде ант берді

0
675
Аманжол Әлтаев.

9 наурыздағы мәжілістің жалпы отырысында айтыскер ақын Аманжол Әлтаев “Аманат” партиясының атынан төменгі палата депутаты ретінде ант берді. Ол мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. 

“Аманжол Әлтаев филолог, ғалым, айтыскер ақын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оқытушылық қызметте мол тәжірибесі бар. Рухани құндылықтарды, ұлттық өнерді насихаттауға сондай-ақ гуманитарлық ғылым мен білімді дамытуға зор үлес қосты. Қолдауларыңызды сұраймын”, – деді мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрмамбетова. 

50 жастағы Аманжол Әлтаев Қарағанды облысының тумасы. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993). 1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Қазірге дейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып келген.

Сәрсенбіде төменгі палата мүшелері мәжілістен өз еркімен кетуге өтініш берген депутаттар Файзулла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өтініш бірауыздан қолдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз