Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

0
189
фото: kff.kz Талғат Байсуфинов

9 наурызда Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды. Андрей Владимирович ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.

фото: kff.kz Андрей Карпович

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда УЕФА ұлттар лигасы аясында Молдова құрамасына қарсы болады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз