АҚШ-КХДР саммитіне Оңтсүтік Корея қосылмақ

0
96

12 маусым Сингапурда АҚШ пен Солтүстік Корея арасында өтетін алғашқы тарихи кездесуге Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин де қосылмақ ниетте. Бұл туралы Ренхап агенттігі Оңтүстік Корея президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарламасында «Пікірталастар енді ғана басталды. Сол себептен біз әлі де күтудеміз. Пікірталастардың нәтижесіне қарай Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин АҚШ-КХДР саммитіне қосылуы ықтимал», делінген.


Еске саламыз, 26 мамырда Оңтүстік Корея мен КХДР басшылары алдағы уақытта тұраұты түрде кездесіп отыратыны туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, бүгін АҚШ-тың ресми делегациясы АҚШ-КХДР саммитіне дайындық барысын талқылау мақсатында Солтүстік Кореяға барды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз