Бейжің Вашингтонға наразы

0
84

Бейжің Вашингтонды егемендікті бұзатын және Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне кедергі келтіретін арандату әрекеттерін тоқтатуға шақырады. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лу Кан мәлімдеді.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лу Кан мәлімдеген хабарламада «Қытай тарапы арандатушылық әрекеттеріне байлансты американдық тарапқа күрт және батыл наразылық білдірді. Біз Вашингтонды егемендікке нұқсан келтіретін және Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін осындай арандатушылық әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз» делінген.


Бұған дейін Қытайдың қорғаныс министрлігі АҚШ-тың теңіз кемелері Оңтүстік Қытай теңізіндегі Парасел аралдарына басып кіргенін анықтаған болатын. Американдық тараптың бассыздық әрекетіне ескерту ретінде Бейжің Оңтүстік Қытай теңізі аймақтарына әуе кемелерін жіберді.

Пентагон Оңтүстік-Қытай теңізіндегі АҚШ теңіз флотының барлық әрекеттерінің халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асырылып жатқанын алға тартып Қытайдың айыптауларынан бас тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз