АҚШ екі тәулік ішінде Сирияға қатысты шешім қабылдайды

0
71

Сирияның Дума қаласындағы мүмкін химиялық шабуылға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп екі күн көлемінде шешім қабылдаймын деп уәде берді. 9 сәуір Ақ үйде Трамп алдағы «24-48 сағат көлемінде маңызды шешім қабылдаймыз», – деп мәлімдеді. Бұл туралы dw.com хабарлайды.

Ақ-қарасын айқындаймыз – Трамп мүмкін химиялық шабуылға қатысты

Трамп жағдайды дереу айқындауға уәде берді, дегенмен, Ақ үй басшысының айтуынша, мүмкін химиялық шабуылға ұшыраған аймақ Сирия үкіметінің әскерімен қоршалған, сол себептен, аталған аймақтан ақпарат алу қиынға түсуде. Мүмкін химиялық шабуылға қатысты Трамп «Бұл Ресей болды ма, әлде Сирия, Иран немесе олар бірге ме – біз ақ-қарасын айқындап, жауабын жақын арада білетін боламыз», – деп мәлімдеді. АҚШ президенті кінәлілер жауапқа тартылады деп атап өтті. Мүмкін шабуылға РФ президенті Владимир Путиннің  мүмкін жауапты болуына қатысты сауалға жауап берген Д. Трамп егер олай болса, қолданылатын шаралар «қатаң» болады, деп мәлімдеді.

Бұдан өзге АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Reuters агенттігіне таратқан ақпарына сәйкес, сириялық билік күші мен олардың одақтастары халықаралық сарапшыларға болған оқиғаны зерттеу үшін Дума қаласына кіруге мүмкіндік бермей жатыр.

Химиялық шабуыл болған жоқ – Ресей

Өз кезегінде, Ресей тарабы Сириядағы химиялық қару қолданудың белгілері жоқтығын айтып, Ресей әскерилері Дума қаласының аудандарын тексеру нәтижесінде химиялық қарудың белгілері табылмағанын хабарлады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүмкін химиялық шабуылға қатысты отырысында мәлімдеме жасаған Мәскеудің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя орыс және сириялық сарапшылардың тергеуіне сілтеме жасай отырып, ешқандай химиялық шабуыл болған жоқ деп мәлімдеді. Ал ондаған бейбіт тұрғынның көз жұмуын Небензя «химиялық провакация» деп, қаза тапқан әйелдер мен балалардың суретін – жалған деп мәлімдеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз