Солтүстік Кореялық делегация Еуразия турында

0
91
ашық дереккөз

Корей Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Түркіменстанмен түрлі салаларда ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Бұл туралы Түркіменстан мемлекетінің Мәжіліс төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ca-news.

КХДР Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Түркіменстан Мәжілісінің төрағасы Гүлшат Маммедовамен кездесуінде екі елде түрлі бағыттар бойынша сындарлы әріптестікті кеңейтуге ниеттілігін білдірді.

Сондай-ақ, Ли Ен Хо бастаған делегация Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінде болып, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқыға салды.

Айта кетейік, Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі  бастаған делегация Ашхабадқа келмес бұрын  Әзірбайжанға іс-сапармен барды. Онда ол Біріккен емес Қозғалыс министрлерінің конференциясына қатысты. КХДР делегациясының алдағы ресми сапары Ресей болмақ. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз