Думаны 3 мың жауынгер тастап шықты

0
81
Дума, Сирия/дереккөзден

«Джейш әл-Ислам» тобының шамамен 3 мың жауынгері  Дума қаласы аймағын тастап шықты. Бұл туралы дүйсенбіде Сириядағы қарсы тараптарды мәмілеге келтіруші ресей Орталығы хабарлады.

Думаны тастап шыққан топтың өкілдері отбасы мүшелерімен автобустарға жайғастырылып, елдің солтүстігіне Джараблус аймағына аттанды.

Сирия билігі мен «Джейш әл-Ислам» келісімге келген

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, өткен жексенбіде Сирия билігі және «Джейш әл-Исламның» далалық командирі арасында жауынгерлердің Шығыс Ғұтаны тәрк етулеріне қатысты келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде, жауынгерлер бұрын тұтқынға алынған жергілікті тұрғындарды босатуға міндеттелді. Жергілікті тұрғындар 2013 жылдан бастап аталған топтың қол астында болды. Қазіргі уақытта еркіндікке 56 тұтқын қауышты.

«Джейш әл-Исламмен» қол жеткізілген келісім негізінде жалпы есеппен алғанда Думаны 8 мың жауынгер шамамен 40 мың отбасы мүшелері тастап шықпақ.

Аталған топ мүшелерінің Дума қаласынан кетуіне бұл аймақтағы химиялық қарудың қолданылуы себеп болғаны да жоққа шығарылмайды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз