Ет қымбаттады

0
163
дереккөзден

Қазақстанда 2018 жылдың наурызында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ауыл шаруашылық құрылымында жүзеге асатын ауыл шаруашылық өнімдері 0,4 %-ға, мал өнімдері – 1,6 %-ға қымбаттады, ал көкөніс – 0,3 %-ға арзандады.

Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, қаңтар-наурыз айларында қарақұмық жармасының бағасы 2,7 %-ға, қара бидай – 1,8 %-ға, бидай – 0,4 %-ға, жүгері – 0,3 %-ға төмендеді,сұлының бағасы 1,6 %-ға, тары – 1 %-ға, күріш – 0,4 %-ға қымбаттады.

Жабық топырақта өскен қияр бағасы 24,1 %-ға, орамжапырақ – 5,1 %-ға, жабық топырақта өскен қызанақ – 3,4 %-ға, картоп және қызылша – 0,5 %-ға қымбаттады, ал сәбіз бағасы – 0,8 %-ға , пияз – 0,4 %-ға арзандады. Бұршақтың бағасы 4 %-ға, шекілдеуік – 3,7 %-ға арзандады.

Құс еті 3,3 %-ға қымбаттады, ірі қара мал еті – 2,2 %-ға, доңыз еті – 1,9 % -ға, қой еті – 0,6 %-ға, жылқы еті – 0,9 %-ға қымбаттады. Шикі сүт өнімі 3,6 %-ға, қой жүні – 1,1 %-ға, жұмыртқа 4 %-ға арзандады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз