Ибраһим мешітінде басқыншылық әрекеті

0
95
ашық дереккөз

300-ге жуық израилдік Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Ибраһим мешітіне басып кіріп иудейлердің Песах мерекесі қарсаңында мешіт ішінде сайран салды. Бұл туралы Islam.kz хабарлайды.

Наурыздың отызынан сәуірдің үшіне дейін жалғасын табатын иудейлердің мерекесінде израилдік басқыншылар мешіт ішінде би билеп, ән салып, ойларына келгенін жасаған.

Еске саламыз, еврей қоныстанушылардың мүддесі үшін әрекет ететін Израилдің басқыншы билігі бірнеше жыл қатарынан Ибраһим мешітін жабуға тырысып келеді. Бүгінге дейін мешіт мұнарасынан шақырылатын азанға тыйым салуға барынша күш салған.


әл-Халил қаласында орналасқан Ибраһим мешіті – әйгілі бес ірі пайғамбардың бірі һәм пайғамбарлардың атасы Хәзреті Ибраһимнің құрметіне салынған. Мешітте Ибраһим пайғамбармен бірге төрт үлкен пайғамбар жерленген. Қазіргі таңда мешіттің үштен екі бөлігі, мұсылмандардың өкінішіне орай, синагогаға айналған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз