“Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін бірлесе пайдалануымыз керек”

0
214
5 шілде елордада Астана халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты.

Қырғызстанда өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті барысында мәлімдеме жасаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық күш-жігерді жұмылдырып, өзара даму үшін елдеріміздің одан әрі өркендеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін бірлесе пайдалануымыз керек. Онда қаржы құралдарын дамытуға, капиталды шоғырландыруға және танымал инвесторлар мен қаржы эксперттерін тартуға барлық жағдай жасалған. Осыған орай, елдеріңізді қаржы орталығының жұмысына белсене қатысуға шақырамын, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы  әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың өзгеруіне орай халықаралық қауіпсіздік проблемалары шиеленісе түскенін алға тартты.

Бұл – терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз миграция және есірткі тасымалы. Аталған заманауи сын-тегеуріндер түркі дүниесіне де әсер етпей қоймайды. Мұның барлығы біздің кешенді іс-әрекеттерді қолға алуымызды талап етеді, – деді Н. Назарбаев.


Атап өтерлігі, осы жылдың 5 шілдесінде Астана халықаралық қаржы орталығы ашылды. Ашылу салтанатында сөз алған  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығының ашылуы “экономиканы орнықты дамытудағы маңызды қадам” екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы  қазақстандық және шетелдік бизнесмендерді Астанадағы қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды. Назарбаев Астана “аймақтағы ең басты қаржы орталығы болуы тиіс” екендігін алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз