Қазақстан СІМ Еуропарламент қарарына қатысты мәлімдеме жасады

0
200
Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Photo: Telegram / MFA Qazaqstan

21 қаңтарда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің қаңтар оқиғасы бойынша қарарын “біржақты сипатқа ие” және “объективті емес тұжырымдарға негізделген” құжат деп атады.

Осы аптада Еуропарламент депутаттары Тоқаевтың қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі “ескертусіз оқ ату” туралы бұйрығын, адамдардың “жосықсыз ұсталып”, “азапталып жатқанын” айыптап, жауапты шенеуніктерге санкция салуды ұсынған.

“Қазақстан Республикасының басшылығы тапсырған ресми тергеп-тексеру нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдау қисынсыз деп санаймыз. Оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатынын тағы да растаймыз” делінген СІМ хабарламасында.

Министрлік хабарламасында Еуропарламенттің қаңтар оқиғасы бойынша Қазақстанның ресми орындарына немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, “азаматтық қоғам институттарына” сұрау салмағанын да атап өткен. Ресми Нұр-Сұлтан Қазақстан “заңның үстемдігіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өз міндеттемелеріне толықтай бейілді” деп жазған.

20 қаңтарда қабылданған Еуропарламенттің қарарында Қазақстандағы қаңтар оқиғасы қалай өрбігені сипатталып, 27 тармақтан тұратын мәлімдеме жасалған. Оның ішінде құқық қорғау ұйымдарды саяси себеппен қудамалау, адамдардың бейбіт жиналуына кедергі келтірмеу, жосықсыз ұстау мен азаптауды доғару, адам құқығына қарсы қылмыстарға жауаптыларға жеке санкция салу секілді талаптар бар.

Еуропарламент – Еуропалық одақтың заң шығарушы органы. Оның қарарларының Қазақстанда құқықтық күші жоқ. Бірақ Еуроодақ пен Қазақстанның тығыз қарым-қатынасы тұрғысынан ондай құжаттар елеусіз қалмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз