Қазақстанның экология министрі тағайындалды

0
146
Серікқали Брекешов.

10 қыркүйек күні президент Тоқаевтың жарлығымен Серікқали Брекешов экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін экология министрі болған Мағзұм Мырзағалиев бір күн бұрын қызметінен босатылып, энергетика министрі қызметіне келген.

48 жастағы Серікқали Брекешов 2020 жылдың наурыз айынан бері экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған. Оның алдында “ҚазТрансГаз” компаниясында түрлі қызмет атқарған. Мұнай-газ кеніштерін игеру саласында маманданған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз