Қазақстанның Солтүстік Македонияда елшілігі ашылады

0
144
Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Солтүстік Македония Парламентінің төрағасы Талат Джафери. Photo: MFA Qazaqstan

2023 жылы Қазақстанның Солтүстік Македонияда елшілігі ашылады. Бұл жайында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің 1 қарашада Солтүстік Македонияға ресми сапарында белгілі болды.

Министр Тілеуберді Солтүстік Македония президенті Стево Пендаровскимен және Ассамблеяның (Парламенттің) төрағасы Талат Джаферимен кездесулер өткізді, сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөз жүргізді.

Тараптар ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, көлік және логистика салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды қарастырған.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Солтүстік Македония сыртқы саяси ведомстволарының басшылары тараптар уағдаластықтарының негізгі қорытындыларын қамтитын бірлескен мәлімдеме қабылдады. 2023 жылы Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшілігін ашу туралы шешім жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз