Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталды

0
179
Photo: Vladislav Vodnev

1 қарашада магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды. Емтиханға тіркелу Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл жөнінде ғылым жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тіркелу кезінде үміткер емихан тапсыратын қаланы өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеу өтетін күн туралы ақпарат үміткердің жеке кабинетінде 22 қарашада белгілі болады.

Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады”, – деп түсіндірді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз