Қарашада ауа райы қандай болады?

0
243

Қараша айында Қазақстанда ауа температурасы климаттық норма шегінде жауын-шашынды болады. Елдің батысында нормадан аз, шығысында нормаға жуықтайды. Айдың бірінші онкүндігінің ортасынан бастап ауа температурасы төмендей бастайды. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, қараша айының басында Скандинавиядан келген циклон Қазақстан аумағына жоғары жылдамдықпен жылжып, облыстардың басым бөлігінде ауа райын тұрақсыз етеді. Жауын-шашын және бұрқасын күтіледі.

Атмосфералық фронттармен байланысты ең көп жауын-шашын елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында болады. Жел 15-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болады.

Қарашаның алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +10 градус жылы болады. Күндіз + 18 ° C.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстан аумағынан белсенді циклон шығысқа қарай жылжиды, осы циклоннан кейін Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралып, алдымен батыс облыстарда жауын-шашынның тоқтауына әкеледі. Ал онкүндіктің соңында елдің қалған бөлігінде жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасының біртіндеп төмендейді: солтүстік жартысында түнде -3-13°С, күндіз -5+2°С, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С, күндіз 0+8°С дейін.

“Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіздер, Батыс және Шығыс Сібір аймақтарынан суық ауа массалары жиі түседі, тұрақсыз ауа райы сақталады. Термометрлер төмендейді: батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде -17-25°С, күндіз -5-12°С; республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -10-17°С, күндіз -3-10°С дейін”, деп хабарлайды “Қазгидромет”.

Синоптиктер Қазақстанда Атлантика мен Ираннан ауа массалары түсетін уақытта жылы күндер болатынын да жоққа шығармайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз