Израильде парламент сайлауы өтіп жатыр

0
83
An Ultra-Orthodox Jewish man votes for Israel's parliamentary election at a polling station in Bnei Brak, Israel, Tuesday, Nov. 1, 2022. Israel is holding its fifth election in less than four years. (AP Photo/Oded Balilty)

1 қарашада Израиль Кнессетінде сайлау басталды. Бұл – кейінгі үш жарым жылда бесінші рет өткелі отырған парламент сайлауы.

Сейсенбіде бүкіл ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды, бұл 6,7 миллионнан астам израильдікке 25 шақырылымның Кнессет (парламент) сайлауында дауыс беруіне мүмкіндік береді.

Көптеген сайлау учаскелері таңғы сағат 7-де ашылып, кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Кей ауылдар мен мамандандырылған сайлау учаскелері бір сағаттан кейін, таңғы сағат 8-де ашылды.

Сайлауда 18 жастан асқан Израиль азаматтары дауыс беруге құқылы.

Азаматтық алғанына 60 күн толған иммигранттар да дауыс беруге құқылы, қыркүйек айының басына дейін Израиль азаматтығын алған 45 мыңға жуық израильдік бар.

Reuters агенттігі бұрын әлденеше рет премьер-министр болған, қазіргі оппозиция жетекшісі Биньямин Нетаньяху тағы да үкімет басқарудан үміттеніп отырғанын хабарлады. Оның оңшыл консервативтік “Ликуд” партиясы, кейінгі қоғамдық сұрау қорытындысына қарағанда, қайтадан билеуші күшке айналуы мүмкін. Алайда, Нетаньяху жақтастары шешуші мандат санын ала ала ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Парламентте көпшілік орынға ие болу үшін депутаттық 120 мандаттың кемі 61 мандатын алуға тиіс.

Кнессет сайлауына барлығы 40 партия қатысып жатыр, болжамдарға қарағанда 11 партияның парламенттен орын алуға мүмкіндігі бар. “Ликуд” партиясының негізгі бәсекелесі – қазіргі премьер Яир Лапид жетекшілік ететін “Еш Атид” партиясы. Дүйсенбіде Лапид Twitter парақшасына Израиль халқы “шыншыл және еңбекшіл адамдардан тұратын үкіметке лайық” деп жазған.

Агенттік мәліметінше, Израильде тіпті ұқсас саяси секторда екендігіне қарамастан партиялардың альянс құруы қиын. 73 жастағы Нетаньяхудың бұған дейін үкімет коалициясын құра алмаған кездері болған. Оның оппоненттерінің лагерінде қазір қайткенде “Ликуд” партиясының жетекшісін премьерлікке жібермеуге тырысатын оңшыл да, солшыл да саяси күштер бар. Оның үстіне, Биньямин Нетаньяху “жемқорлықпен шұғылданды” деген айыптан да құтылған жоқ.

Бұл сайлауда шешуші фактор – Израильде тұратын араб халқының сайлауға келу-келмеуіне байланысты болып тұр. 9 миллион 400 мың араб Израиль халқының 20 пайызын құрайды.

Маусым айында Израильде бұрынғы премьер Нафтали Беннет басқаратын, сегіз партиядан құралған коалиция көпшілік дауыстан айырылған. Бұл коалиция бір жыл ғана билік құрған. Үкіметті сыртқы істер министрі Лапид басқарған. Ол жаңа үкімет құрылғанша билікте қала береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз