Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып 6 адам қаза тапты

0
172
Photo: Polisia.kz

Сейсенбі таңертеңгі уақытта Жамбыл облысында жеңіл автокөлік пен пойыз соқтығысып 6 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Polisia.kz сайты хабарлады.  

“1 қараша күні сағат 08.55-те Түрксіб стансасының желілік полиция бөліміне Меркі ауданы, Қарасу ауылындағы темір жол өткелінде жолаушылар пойызы мен “Ауди” автокөлігі соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз