Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов ұсталды

0
238
Мұрат Бектанов.

21 ақпанда бас прокуратура экс-министр Мұрат Кәрібайұлы Бектановтың қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытты деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

“2022 жылғы 19 ақпанда бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 20 ақпанда Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды” – делінген хабарламада.

Сондай-ақ прокуратура сайтында өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейтіні жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Бектанов 2021 жылдың 31 тамызынан бастап, 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз