Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

0
182
Марат Омаров. Photo: Ulys.kz

16 тамызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып Марат Омаров тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин осы қызметтен босатылып, премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз