Бас прокуратура Қаңтарда қаза тапқандардың тізімін жариялады

0
286
Photo: Vladimir Tretyakov

16 тамызда Қазақстан бас прокуратурасы 7 айдан аса уақыттан соң Қаңтар оқиғасынанда қаза болғандардың тізімін жариялады.

Бас прокуратураның сейсенбі күні жариялаған тізімінде 238 марқұмның фамилиясы мен есімінің инициалы ғана жазылған. Марқұмдардың қалай, қандай жағдайда қаза тапқаны жайлы ақпарат жоқ.

Қоғам Қаңтар оқиғасынан кейін биліктен опат болғандардың есімін жариялауды талап етіп келген еді. Органдар тергеу құпиялылығына сілтеп осы күнге дейін марқұмдардың есімін жарияламаған. Бұдан бөлек құқық қорғаушылар мен қаза тапқандардың жақындары марқұмдардың қандай жағдайда қаза болғаны жайлы ақпаратты талап еткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз