Данияр Ақышев отставкаға кетті

0
78

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті. 

Бұған дейін Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасының лауазымына Ерболат Досаевты ұсынған болатын. Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтың айтуы бойынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Ақышевтың қызметін босатуын қабылдап Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевты ұсынған. 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген (1996), экономист. Әр түрлі елдерде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Австрия, Түркияда т.б. халықаралық қаржы ұйымдары мен институттары өткізген курстар мен семинарларға қатысқан (1996-2007).

1995 жылдан – Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі.

1996 жылдан – Монетарлық зерттеулер мен қаржы нарықтары басқармасының бастығы

2003 жылдан – ҚР Ұлттық банкі Зерттеулер мен статистика департаментінің директоры.

2007 жылдың тамызынан бері – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

Кейінгі уақыттарда Қазақстан Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2015 ж қарашадан бері ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз